"Әуені ашу қажет": Тоқаев халықаралық әуе қатынастары санын арттыру керектігін айтты
Опубликовано:
Қасым-Жомарт Тоқаев елордадан тікелей ұшатын халықаралық әуе рейстерінің санын арттырып, "танымал болса да, бір компаниядан" қорқып, айтқанын қостай берудің қажеті жоқ" екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Халықаралық әуе қатынастары санын арттыру маңызды мәселе саналады. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтаннан халықаралық бағытта 30-дан аз тікелей рейс орындалады. Бұл – жеткіліксіз", - деді Тоқаев.
Қазақстан президентінің айтуынша, елорда өзін халықаралық орталық ретінде көрсетіп отыр.
"Әуені ашу қажет. Бұл – менің үкіметке тапсырмам. Ең танымал, ең беделді компания болса-дағы қорқып, айтқанын қостай берудің қажеті жоқ. Әуені ашу керек", - деді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1821055-ueni-asu-kazet-tokaev-halykaralyk-ue-katynastary-sanyn-arttyru-kazettigin-ajtty/