Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев: Қытай бізді басып жатыр дегенді естимін - кімді басып алыпты?

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда мыңдаған кәсіпорын құрылғанын айтып, олардың ішінде қазақстандық-қытайлық мекемелер де бар екенін ескере кетті. Бұл тұрғыда Елбасы "біздің елімізді Қытай басып жатыр" деген тұжырымдарды естіп жүргенін айтып, ел арасында қызу талқыланып жатқан мәселеге пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: twitter.com/aidos_ukibay
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: twitter.com/aidos_ukibay: Depositphotos

Тағы оқыңыздар:

"Сұранатындарды ғана қабылдаймын": Назарбаев шенеуніктер жайлы айтты>>>

Елбасы Нұр-Сұлтанның болашағы жөнінде маңызды мәлімдеме жасады>>>

Назарбаев президенттікке Тоқаевты таңдағаны үшін өкінбейтінін айтты>>>

"Мен Қытай бізді басып жатыр дегенді жиі естимін. Қайда? Кімді басып алыпты? Қазақстандық жерді вагондарға тиеп, басқа жаққа алып кетеді ма екен? Мен де Қытай басшылығымен келісім бар. Біз қазақстандық-қытайлық кәсәіпорынды бірге салған кезде үкімет бұл жерге қанша адам келетініне қатысты қол қояды. Құрылыс аяқталған соң, бәрі қайта кетеді.
Кезінде Ху Цзиньтао "Кетпей жатса, бізге айтыңдар. Біз барлығын алып кетеміз" деп айтатын. Сол себепті, қандай да бір фантомды қорқыныштарды сезіну керек." и, - деді Назарбаев.

Ол Қазақстанға қытайлық компанияларды көшірмейтінін айтып, еліміз өз аумағында қандай кәсіпорын ашатынын өзі таңдайтынын жеткізді.

"Бізге инвестиция кім береді? Ол ақша тек қана Қытайда ғана бар. Барлығы оны қолданғысы келеді. Олардың бізге деген қарым-қатынасы өте жылы. Менде барлық Қытай басшыларымен керемет байланыс орнаған. Бүгінде оны Си Цзиньпин де растайды. Керісінше, біз мұны қолданып, ақылды болуымыз қажет" , - деді тұңғыш президент.

Оған қоса, Елбасы Қазақстан "Ұлы Жібек жолы" жобасын ел үшін аса табысты болған соң қолдағанын айтты.

"Біз транзиттің арқасында жылына бес млрд доллар табатын боламыз" , - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1821808-nazarbaev-kytaj-bizdi-basyp-zatyr-degendi-estimin---kimdi-basyp-alypty/

pixel