Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәпиев 36 жасқа толмай тұрып президенттік кадрлық резервке құжат өткізіп үлгерді

Опубликовано:

Серік Сәпиев Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған Президенттік жастар кадрлық резервіне құжат өткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Серік Сәпиев. Фото: kfb.kz
Серік Сәпиев. Фото: kfb.kz: UGC

Президенттік жастар кадрлық резервіне тек 35 жасқа дейінгі азаматтарды қабылдайды. Осыған орай Серік Сәпиев туған күніне дейін құжат өткізіп үлгерген. Айта кетейік, қараша айында ол 36 жасқа толады.

Кадрлық резервке іріктеу тізімін pkrezerv.kz сайтынан көруге болады.

Қазіргі уақытта іріктеудің 1-кезеңі өтті – "қабілеттерді тестілеу". Бұл кезеңде тест арқылы үміткерлердің талдамалық қабілеті мен сыни ойлау дағдылары анықталды.

Серік Сәпиев тестілеуде 50 балдың 30-ын жинап, келесі кезеңге өтті.

Айта кетейік, тізімде сондай-ақ есімдері белгілі басқа да мемлекеттік қызметкерлер бар:

ҰЭМ атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары 33 жастағы Ғұмар Серғазин, Павлодар облысы Ертіс ауданының әкімі 32 жастағы Аян Бейсекин, "Қазақстан Ипотекалық Компаниясының" тәуелсіз директоры және директорлар кеңесінің мүшесі 35 жастағы Дамир Суентаев, Ақтөбе облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары 28 жастағы Нұрхан Тілеумұратов, Қостанай ауданы әкімі аппаратының басшысы 33 жастағы Азамат Қашиев және тағы басқалар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1822522-spiev-36-zaska-tolmaj-tryp-prezidenttik-kadrlyk-rezervke-kzat-tkizip-lgerdi/

pixel