Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстанды білмейтіндей": Елбасы депутаттардың өңірлерге іссапары жайлы пікір білдірді

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев мәжілісте өткен Nur Otan партиясы парламенттік фракциясының отырысында депутаттарға өңірлерге шығу форматын қарастыруға кеңес берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: UGC
«Фракция депутаттарының өңірлерге жұмыс іссапарлары. Олар жергілікті халықпен кездесуге, тілдесуге, талқылау үшін аса маңызды. Алайда, кейде формалды түрде болып жатады.
Түрлі объектілерді аралаумен шектеледі. Оның үстіне оны міндетті түрде тек жақсы объектілерге апарады. Сол бір объектіге түрлі депутаттар барып жүр.
Көптеген іссапарлар тек сол мекенмен танысып қайту үшін ұйымдастырылатын сияқты. Құдды Қазақстанды және оның өңірлерін білмейтіндей», - деді Наразбаев.

Бұл тұрғыда ол партияның орталық аппаратына аталмыш жұмысты үйлестіріп, өңірлерге шығудың логистикасын құруды тапсырды.

Оған қоса, Елбасы белгілі бір депутатты немесе бір топ депутатты арнайы бір нақты өңірге тіркеп қою қажеттілігін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1822981-kazakstandy-bilmejtindej-elbasy-deputattardy-irlerge-issapary-zajly-pikir-bildirdi/

pixel