Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев: Заңгерлер мен экономистерді көбейттік - олар жұмыс таба алмай жүр

Опубликовано:

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәжілісте Nur Otan партиясы мүшелері мен үкіметтің қатысуымен өткен кеңес барысында елімізде жоғарғы оқу орындарының саны тағы да көбейіп бара жатқанын мәлімдеді. Елбасы мемлекетімізде оқу бітірген соң, жұмыс таба алмай жүретін мамандардың саны арта түскеніне алаңдаулы деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: UGC
"Біз ЖОО-рының транформациясын өткізу мақсатын алға қойғанбыз. Оларды халықаралық стандарттар есебінен оңтайлардырғанның өзінде білім ордаларының саны азаймады.
Мәселе санында емес, олар оқытып шығаратын түлектерде – ол мамандар кімге керек. Біз заңгерлер мен экономистерді көбейтіп алдық. Олар болса қазір жұмыс таба алмай жүр», - деді Назарбаев.

Жоғарғы оқу орындары көбейгендіктен оларды қысқарту керек екенін білдірмейді. Мемлекетте сапалы мамандарды даярлайтын білім ошақтары болу керек.

«Оның (ЖОО) оқытуға арналған жүйесі бар ма? Лабораториялық кешендер? Оқу орнын құра бер. Мен қазақстандық оқу орындары жақсы мамандарды даярласа деймін», - деді Елбасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1822983-nazarbaev-zagerler-men-ekonomisterdi-kbejttik---olar-zmys-taba-almaj-zr/

pixel