Лукашенко: Еуропаның орталығында Қазақстан халқының жері бар
Опубликовано:
Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздерден соң Беларусияның басшысы Александр Лукашенко қазақстандықтардың беларустармен байланыс жасағаны дұрыс екенін атап өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тағы оқыңыздар:
"Маңызды келісімдер": Тоқаев пен Лукашенко күрделі мәселелерді талқылады >>
Тоқаев Лукашенконы Ақордада қалай қарсы алды (фото) >>
"Қасым-Жомарт Кемелұлы, осы кездесуде сындарлы көзқарас үшін және біздің елдеріміз бен халықтарымыздың игілігі үшін бар күш-жігеріңізді салуға дайын екендіктеріңіз үшін тағы да алғысымды білдіремін.
Қазақстан халқына - беларустармен байланысып, сіздер дұрыс жасадыңыздар дегім келеді. Біз жауапкершілікті адамдармыз, ешкімді ешқашан жерге қаратпадық, сіздерді де ешқашан қаратпаймыз. Еуропа орталығында сіздердің де жерлеріңіз бар екенін ұмытпаңыздар", - деді Беларусия президенті.
Ол Ақордада өткен президенттердің бүгінгі келіссөздері достық бағытта өткенін айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1824136-lukasenko-europany-ortalygynda-kazakstan-halkyny-zeri-bar/