Президент Алматыға екі күндік жұмыс сапарымен келді
Опубликовано:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына екі күндік жұмыс сапарымен келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
"Президент бүгін "Жаңа Алматы" бағдарламасының тұсаукесерімен танысып, "Балалар үйінің" тәрбиеленушілеріне пәтер кілттерін табыс етіп, Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңеске қатысады", - деді ол.
Сонымен қатар Тоқаевтың "Tech Garden" инновациялық кластерінің жұмысымен, Инвестиция үйінің тыныс-тіршілігімен танысатыны белгілі болды.
Одан бөлек әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне барып, онда оқу корпусы мен "Керемет" студенттерге қызмет көрсету орталығында болатыны айтылды.
"Жұмыс сапарының екінші күнінде мемлекет басшысы Алматыдағы резиденциясында бірқатар кездесулер өткізеді", - деді Берік Уәли.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1824557-prezident-almatyga-eki-kndik-zmys-saparymen-keldi/