Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент балалар үйінің 12 тәрбиеленушісіне пәтер кілттерін табыс етті

Опубликовано:

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Алматы – 2050" даму стратегиясының жобасын таныстырды деп хабарлайды Ақорда.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: UGC

Аталған бағдарлама бойынша Алматы қаласын әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, тұрғындардың тұрмысын жақсарту, қауіпсіз қала қалыптастыру, шаһардың шеткері аймақтарының инфрақұрылымын дамыту және басқа да көптеген маңызды мәселелер атқарылады. Сондай-ақ Алматы агломерациясы аумағының даму барысы да қарастырылған.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: UGC

Қасым-Жомарт Тоқаев баспана кезегінде тұрған, Балалар үйінің 12 тәрбиеленушісіне пәтер кілттерін табыс етті.

"Баршаңызға жаңа қоныстарыңыз құтты болсын! Баспана мәселесі әрдайым мемлекеттің назарында болады. Еңбектеріңіз табысты болсын! – деді мемлекет басшысы.
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: UGC

Жалпы Алматы қаласының "Көкқайнар" ықшам ауданында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша баспанаға мұқтаж осындай 51 адамға тұрғын үй салынып жатыр.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1824596-prezident-balalar-jini-12-trbielenusisine-pter-kiltterin-tabys-etti/

pixel