Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті (фото)

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы резиденциясында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен бірқатар кездесулер өткізді деп хабарлайды Ақорда.

Фото: Akorda.kz
Фото: Akorda.kz: Facebook

"Адам құқықтары хартиясы" қоғамдық қорының атқарушы директоры Жеміс Тұрмағамбетовамен кездесу барысында азаматтық қоғамның перспективалары және құқық қорғау ұйымдарының мемлекеттік органдармен өзара ықпалдастық мәселелері талқыланды.

Фото: Akorda.kz
Фото: Akorda.kz: Facebook

Әлеуметтанушы, "Стратегия" әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы" қоғамдық қорының басшысы Гүлмира Илеуова "Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын дамыту жөніндегі ой-пікірімен бөлісті.

Атап айтқанда, ол аталған тұжырымдаманы жүзеге асыруда әлеуметтік зерттеулердің атқаратын рөлі туралы айтты.

Сонымен қатар кездесуде Қоғамдық кеңестер институтының жұмысы, жоғары оқу орындарына автономия беру, медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жөніндегі ұсыныстар қарастырылды.

Фото: Akorda.kz
Фото: Akorda.kz: Facebook

Алматы жоғары басқару мектебінің және "Аспандау" ғылыми-білім беру қорының президенті Қанат Нұров әлеуметтік-экономикалық саясат жүргізу, жекеменшік институттар мен қор нарығын дамыту мәселелерін қозғады.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1824883-tokaev-lttyk-kogamdyk-senim-keesini-mselerimen-kezdesti-foto/

pixel