Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Басыңды кесіп аламын": Украиналық депутат көшедегі адамға сес көрсетті (видео)

Опубликовано:

Украина жоғарғы рада депутаты Илья Кива джип пен күзет жайлы сұрақ қойған көшедегі адамға дөрекі мінез танытты. Оқиға бейнеленген видеожазбаны журналист Денис Казанский өзінің Facebook парақшасында жариялады деп хабарлайды Lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Илья Кива. Фото: facebook.com/kivailya
Илья Кива. Фото: facebook.com/kivailya: Facebook

Видеода саясаткердің күзетшісімен бірге автокөлігіне қарай келе жатқаны көрінеді. Көшедегі белгісіз адам одан "осылайша халықтан тығыласыз ба" деп сұрақ қойды. Депутат оған сұрағын түсіндіруге мұрша берместен, бірден дөрекі жауап қайтарды.

"Ақымақсың ба?... Қазір басыңды кесіп аламын", – деді ашуға мінген халық қалаулысы.

Аталған видеоның жазбасында журналист өркениетті елде бұндай жағдайдың депутаттық мандаттан айыру мен саясаткерді ұсынған фракцияның құрдымға ұшырауымен аяқталатынын атап өтті.

"Бірақ, бізде емес... Украинлақтар бәріне төзіп қана қоймай, оларға дауыс та береді", – деп жазды ол.

Өз кезегінде, депутат Илья Кива Facebook парақшасында болған жағдайды түсіндіріп өтті. Айтуынша, сұрақ қойған адам достарымен бірге бір апта бойы оны аңдып, қарсы әрекетке баруға арандатып жүр.

Саясаткер билікке ұлтшыл Сергей Стерненкоға қатысты істі тергеу қажеттілігін еске салып жүргенін жеткізді. Ол аталған адамдардың арандатушылық әрекеттерін осымен байланыстыруда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1825559-basydy-kesip-alamyn-ukrainalyk-deputat-ksedegi-adamga-ses-krsetti-video/

pixel