Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мирзияевтің күйеу балалары әлемдегі ең сымбатты араб ханзадасын қонақ етті (фото)

Опубликовано:

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің күйеу балалары – Ойбек Тұрсынов пен Отабек Омаров Дубайдың тақ мұрагері Хамдан бин Мохаммед әл-Мактуммен бірге дастархан басында отырған суреті желіде пайда болды деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Тақ мұрагері Өзбекстанға сапары жайлы видеоны Twitter'дегі парақшасына салып, өзінің құрметіне жайылған дастархан басындағы суретті Instagram парақшасына жариялады.

Суретте дастархан басында отырған Дубайдың тақ мұрагері пен оның адамдары, Мирзиевтің күйеу балалары – Ойбек Тұрсынов пен Отабек Омаров бейнеленген.

Басылымның мәліметінше, 1 қарашада әлеуметтік желілерде Дубай тағының мұрагеріне тиесілі ондаған қыранның ұшақ бортында қонақтап отырғаны жайлы видео талқыланған.

Бұның алдында ханзада Хамдан бин Мохаммед әл-Мактумның Өзбекстанның Науаи облысына аңшылыққа келгені хабарланған. Өзбекстанда аңшылық науқаны кезінде Қызыл кітапқа енген бір дуадақты аулау 6 мың доллар тұрады.

Өзбекстан экология және қоршаған ортаны қорғау комитеті қызметкерінің хабарлауынша, "араб шейхтары аңшылыққа арнайы рұқсат алған".

Дегенмен ол Дубайдан келген қонақтар нақты қанша төлегенін айта алмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1825985-mirziaevti-kujeu-balalary-lemdegi-e-symbatty-arab-hanzadasyn-konak-etti-foto/

pixel