Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұрғымбаев Кексельдің ісін тергеу барысы туралы түсінік беруден бас тартты

Опубликовано:

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстан Республикасы Бас прокурорының арнайы прокурорлары қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельге қатысты қаралып жатқан істің тергеу барысы туралы түсінік беруден бас тартты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: ІІМ баспасөз қызметі
Фото: ІІМ баспасөз қызметі: UGC

Министр журналистер қойған сұрақтарға бір ғана жауап берді.

"ІІМ сайтында ресми түрде жауап бердік. Сонда барлығы жазылған", - деді Тұрғымбаев.

ІІМ басшысы бұқаралық ақпарат құралдарының осыған байланысты сұрақтарына жауап қайырған жоқ.

"Ресми түрде бізде ақпарат бар. Болды", - деп сөзін қайталады Тұрғымбаев.

БАҚ өкілдері министрден Олеся Кексельді тергеу жұмыстары жалғасып жатқанын білді.

"Ресми ақпарат болады. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізілуде", - деп сөзін түйіндеді Тұрғымбаев.

Еске сала кетсек, осыған дейін Олеся Кексельге қатысты ІІМ тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Кейінірек ведомство басшысы Ерлан Тұрғымбаев Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы не үшін тергеліп жатқанын айтқан еді.

Ал Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов мәжіліс сағатында бұл іске қандай да бір түсінік беруден бас тартқан.

Олеся Кексель сыбайлас жемқорлыққа қатысты атышулы істерді тергеумен айналысқан.

Ол бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовтың, экс-денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің және бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісін тергеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1829029-trgymbaev-olesa-kekseldi-isin-tergeu-barysy-turaly-tsinik-beruden-bas-tartty/

pixel