Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақ радиоларына" жаңа директор тағайындалды

Опубликовано:

Ернұр Бурахан "Қазақ радиолары" ЖШС директоры қызметіне тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақстан Ұлттық арнасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: qazaqstan.tv
Фото: qazaqstan.tv: Instagram

Жаңа басшыны радио ұжымына "Қазақстан" РТРК" АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай таныстырды.

Ернұр Көшерханұлы Бурахан 1981 жылы 16 маусымда дүниеге келген.

Ол бұл салада 20 жылға жуық тәжірибесі бар маман болып табылады.

Ернұр 2007-2011 жылдар аралығында "Qazaqstan" Ұлттық телеарнасында тілші, редактор, редактор-жүргізуші, шеф-редактор қызметтерін атқарды. 

Ал 2011 жылдан бастап әр жылдары бірқатар мемлекеттік мекемелерде Баспасөз хатшысы, 2013-2015 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, 2015-2017 жылдары Ақтөбе облысы әкімдігі аппарат басшысының орынбасары лауазымдарын атқарған. 

Бурахан 2017 жылдан бүгінге дейін "Қазақстан" РТРК" АҚ Ақтөбе облыстық филиалы "Aqtóbe" телеарнасының директоры қызметінде болды.

Айта кетейік, "Қазақстан" телерадиокорпорациясына қарасты "Қазақ радиолары" ЖШС құрамына "Qazaq radiosy", "Shalqar" радиосы, "Астана" және "Classic" радиолары кіреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1829043-kazak-radiolaryna-zaa-direktor-tagajyndaldy/

pixel