Целлофандағы кілем мен жуылған мәрмәр: Тоқаевты Жээнбеков резиденциясы қалай күтті (фото)
Опубликовано:
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бішкектегі президент резиденциясына келуіне таңертеңнен бері ерекше дайындық жүргізілуде. Оның келерінен бірнеше сағат бұрын кілемдер төселіп, тулар ілініп, бірнеше рет әнұрандар мен марш дайындықтан өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Журналистер де резиденция аумағында орналасқан Орталық Конгресс ғимаратына бірнеше уақыт бұрын жиналған. Камералар дайын, барлық розеткаларда техникалық құрылғылар қосулы тұр.
Бүгінгі ауа райы да жылы әрі ашық, сондықтан қарсы алу салтанаты далада, үлкен мәрмәрлі шатырдың астында өтеді.
Күн сәулесі түскен сәтте ақ мәрмәрдің жылтырап тұруы үшін бірнеше қызметкер оны қайта-қайта жуып жатыр. Айта кетсек, далада 5 градус аяз болып тұр.
Стендап жазып жатқан журналистерден қызыл кілемді баспауды өтінген. Ол президенттер үшін арнайы даярланған.
Кіреберістегі шатыр астына төселген қызыл кілем целлофанмен жабылған.
Президенттің кортежі кезінде арнайы орталық көшелердің біріне Тоқаев пен Жээнбековтың бірге түскен фотосы бар үлкен баннер ілінген.
Еске сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Қырғызстанға келді.
Оны Бішкектегі "Манас" халықаралық әуежайынан қырғыз президенті Сооронбай Жээнбеков қарсы алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1829269-cellofandagy-kilem-men-zuylgan-mrmr-tokaevty-zeenbekov-rezidenciasy-kalaj-ktti-foto/