Елбасы Тұңғыш президент күніне арналған концертке барды
Опубликовано:
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш президент күніне арналған концертке барды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

Концерт алдында Елбасы "Тарихи таңдау" көрмесін аралап көрді. Экспозициялар Елбасы кітапханасының музей коллекциясындағы мұрағаттық материалдар мен бірегей заттардан құралған.
Көрмеге Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасының жеке кітапханасынан 145 кітап, сондай-ақ, 220 экспонат қойылды.
Көрмеден соң Елбасы мемлекеттік күзет қызметі президенттік оркестрі және отандық экстрада жұлдыздары өнер көрсеткен концертті тамашалады.

Еске сала кетсек, Нұрсұлтан Назарбаев Astana Club отырысында Ресей мен Украина арасындағы қарым-қатынасты қалыпқа келтіру мақсатында жұмыс істеп жатқанын айтты. Ол Владимир Путин және Владимир Зеленскийдің "көзбе-көз" кездесуі мүмкін екенін мәлімдеді.
Назарбаевтың айтуынша, қазіргі Украина мен Ресей арасындағы жағдай мәз емес. Сондықтан, Елбасы екі жақын елді "табыстырғысы" келеді.
Ол бұл мәселені шешу үшін Путин мен Зеленскийге АҚШ-тың, Еуропалық одақтың және басқа жақтардың қатысуынсыз кездесу қажет деп есептейді. Ол үшін президенттер өз еріктерін білдірсе болғаны.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1829364-elbasy-tgys-prezident-knine-arnalgan-koncertke-bardy/