Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент LRT құрылысы мен қытайлық жұмысшылар туралы айтты

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан астанасындағы LRT құрылысымен айналысқан қытайлық компанияның қызметкерлері туралы айтты. Президенттің сөзінше, олардың кейбіреулері қазірдің өзінде жазаларын өтеп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Sputnik / Владислав Воднев
Фото: Sputnik / Владислав Воднев: UGC

Тоқаев Германияға сапарының алдында DW.com неміс басылымына сұхбат берді.

Тілдесу барысында мемлекет басшысы Нұр-Сұлтандағы LRT құрылысымен айналысқан қытайлық жұмысшылардың тағдыры туралы мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қытай жеңіл рельсті көлік құрылысы төңірегінде туындаған жағдайдан хабардар.

Президент Қытайдан келген LRT құрылысшыларына қатысты тергеу жүріп жатқанын атап өтті.

"Менің ойымша, олар қазірдің өзінде жазасын өтеуде", - деді Тоқаев.

Еске сала кетсек, сұхбат Қазақстан президентінің 5-6 желтоқсанға жоспарланған Германияға мемлекеттік сапары қарсаңында өткізілген болатын.

Әңгіме барысында Тоқаев көптеген сұрақтарға жауап берді.

Ол тұңғыш президентке қатысты айтылған сын туралы пікір білдірді.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы өзін Украинадағы жағдайлар қорқытпайтынын атап өтті.

Журналист мемлекет басшысына "Қазақстан билігі Украинадағы жағдайлардан, атап айтқанда, Қырымдағы аннексия мен елдің шығысындағы соғыстан қорықпады ма" деген сауал қойды. Тоқаев өз кезегінде Қазақстанның Қырымда аннексия болды деп есептемейтінін алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1830371-prezident-lrt-krylysy-men-kytajlyk-zmyssylar-turaly-ajtty/