Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Инвестор ретінде келетін неміс кәсіпкерлеріне жеңілдік жасауға ниеттіміз

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапары барысында ГФР-дің экс-канцлері Герхард Шрёдермен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықтың аясын кеңейту және екі елдің іскерлік байланыстарын нығайту мүмкіндіктері талқыланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Twitter
"Германия әлемде төртінші ірі экономика болып саналады. Алайда, біздің елге салынған инвестиция көлемі бойынша 12-орында. Қазақстанға инвестор ретінде келетін неміс кәсіпкерлеріне арнайы жеңілдіктер жасауға ниеттіміз. Бізде арнайы экономикалық аймақтар бар. Сондықтан оларға ерекше  жағдай жасаймыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Герхард Шрёдер Қазақстанның инвесторлар тартуға бағытталған шараларына оң баға беріп, экономиканың нақты секторындағы бірлескен бизнес-жобаларды жүзеге асыру жөнінде өз ұсынысын айтты.

Белгілі саяси қайраткердің пікірінше, Қазақстан немістің ірі компанияларына ғана көңіл бөліп қоймай, сондай-ақ, Германияның шағын және орта бизнесінің әлеуетін де ескеруі қажет.

Айта кетейік, Германияға ресми сапармен барған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел канцлері пен Ангела Меркельмен кездесті. Қазақстан президентін ресми қарсы алу рәсімі Федералдық канцлердің ведомстволық ғимаратының алдында өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1830625-tokaev-investor-retinde-keletin-nemis-ksipkerlerine-zeildik-zasauga-niettimiz/

pixel