Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемқызметкерге сыйлық бергені үшін қандай айыппұл салынады

Опубликовано:

Маңғыстау облысы мемлекеттік кірістер департаментінде мемқызметкерлердің көрсеткен көмегі үшін алғыс айтуға болады ма және шенеуніке берілген сыйлық үшін қандай жаза күтіп тұрғаны туралы айтылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Ведомство Қазақстан заңнамасына сәйкес, ел тұрғындарының шенеуіктерге сыйлық ұсынуына рұқсат етілмегенін хабарлады. Тұлғалар осындай әрекеті үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Сондай-ақ, ведомствоның айтуынша, заңнамада ерекшеліктер қарастырылмаған. Сонымен, мемлекеттік қызметшілерге сыйлық беруге тыйым салынады және бұл тыйым себепке байланысты емес, олардың мөлшері мен құны ескерілмейді. Тіпті туған күнге берілген тәттілер үшін де жазаға тарту қарастырылған.

Одан бөлек, департаменттің хабарлауынша, алғыс ретінде түскі не кешкі асқа шақыруға тыйым салынған. Бұл да заң тұрғысынан тыйым салынған сый-сыяпат қатарына жатады.

Ведомство түсіндірген тағы бір даулы мәселе - жарнама мен кәдесый өнімдерінің айырмашылығы. Яғни, компанияның логотипі бар қаламсап сыйлыққа жатса, жарнамалық буклет сыйлыққа жатпайды.

Егер жеке тұлға ескертпелерге қарамастан шенеунікке сыйлық беремін деп шешсе, онда оған 505 000 теңгеге айыппұл салынуы мүмкін. Ал егер бұл іс-әрекетті заңды тұлға жасаса, ондай айыппұл көлемі 1 млн 893 мың теңгеге өседі. Сыйлық беруші сый-сыяпатын қайталап берсе, онда оған алдыңғысынан екі есеге жоғары айыппұл салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1831431-memkyzmetkerge-syjlyk-bergeni-sin-kandaj-ajyppl-salynady/

pixel