Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Сыртқы істер министріне тапсырма берді

Опубликовано:

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады деп хабарлайды Ақорда.

Тоқаев Сыртқы істер министріне тапсырма берді
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда: Facebook

Министр Мемлекет басшысына АҚШ-қа жасаған ресми сапарының негізгі нәтижелері мен биылғы 15-16 желтоқсанда Мадридте өткен «Азия-Еуропа» Сыртқы істер министрлері форумының 14-кеңесіне қатысқаны жөнінде баяндады.  

Мұхтар Тілеубердінің айтуынша, келіссөз барысында АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Америка Құрама Штаттарының Қазақстанды өңірдегі сенімді серіктесі әрі өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіндегі негізгі әріптесі санайтынын айтты.

«Азия-Еуропа» форумының қатысушылары Азия мен Еуропа елдерін байланыстыратын және көлік жолдарын дамытуға ықпал ететін Қазақстанның транзиттік әлеуетін жоғары бағалады.   

2020 жылға арналған халықаралық күн тәртібін талқылау барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы басым бағыттар жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. 

Естеріңізге сала кетсек, бүгін мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындаулар жүргізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1832356-tokaev-syrtky-ister-ministrine-tapsyrma-berdi/

pixel