Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СІМ басшысы: Тасмағамбетов өз еркімен жұмыстан шықты

Опубликовано:

Иманғали Тасмағамбетов зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылған еді. Осыған байланысты көпшілікті оның алдағы уақытта немен айналысатыны қызықтырады. Бұл сұраққа сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Иманғали Тасмағамбетов. Фото: ҚР премьер-министрі орынбасарының хатшылығы
Иманғали Тасмағамбетов. Фото: ҚР премьер-министрі орынбасарының хатшылығы: Facebook

Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдері сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні әңгімеге тартқан болатын. Сұхбат барысында ведомство басшысына "Иманғали Тасмағамбетов сыртқы істер министрлігі жүйесінде қызметін жалғастыра ма" деген сұрақ қойылды.

"Ол зейнет жасына жетуіне байланысты өз еркімен жұмыстан шықты. Сондықтан да менің түсінуімше, ол сыртқы істер министрлігі жүйесінде қалмайды", – деп жауап берді Тілеуберді.

Сонымен қатар, сыртқы саяси ведомство басшысы Қазақстанның Ресейдегі елшісі міндетін уақытша кім атқаратынын мәлім етті. Ол бұл міндеттің әзірге көрші елдегі Қазақстан елшілігінің кеңесшісі Нұржан Қажыақбаровқа жүктелгенін атап өтті.

Министрдің айтуынша, Нұржан Қажыақбаров елші тағайындалып, Ресей президентіне сенім грамотасын тапсырғанға дейін осы қызметті атқаратын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1832456-sim-bassysy-tasmagambetov-z-erkimen-zmystan-sykty/

pixel