Тоқаев Әзербайжан президентін туған күнімен құттықтады

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев. Фото: Ақорда / trend.az
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев. Фото: Ақорда / trend.az: Facebook

Әңгімелесу барысында ел көшбасшысы Әзербайжан президентін туған күнімен құттықтап, әзербайжан халқының игілігі жолында атқарып жатқан мемлекеттік қызметіне сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, Қазақстанның екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға мүдделі екенін атап айтты.

Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысысының Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлескенін хабарлаған едік.

Тоқаев Эмомали Рахмонға Қазақстан Тәуелсіздігінің 28 жылдығымен құттықтағаны үшін ризашылығын білдірген.

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Тәжікстан президенттері барлық сала бойынша екіжақты қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өтті. Мемлекет басшысы екі елдің халықаралық аренада сындарлы ықпалдастық орнатқанын айтты.

Сонымен қатар мемлекет басшылары өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылай отырып, 2020 жылы Қазақстан астанасында кездесуге уағдаласқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1833246-tokaev-zerbajzan-prezidentin-tugan-knimen-kttyktady/

jitsu gif