Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрынғы вице-министр Қырықбаев жаңа қызметке орналасты

Опубликовано:

Арман Қырықбаев Nur Otan партиясының хатшысы болып тағайындалды. Бұған дейін бұл лауазымды Ғабидолла Оспанқұлов атқарған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

қырыөқбаев
Арман Қырықбаев. Фото: ОКҚ: Depositphotos

Тағайындау туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің жазбасынан белгілі болды. Бұл туралы саясаткер Twitter-дегі парақшасында жариялады.

"Партия Лидері Н.Ә. Назарбаевтың келісімімен Арман Қырықбаев «Nur Otan»-ның Хатшысы болып тағайындалды. Оның партиядағы, сондай-ақ орталық және жергілікті мемлекеттік органдардағы мол жұмыс тәжірибесі алдағы міндеттерді табысты іске асыруына мүмкіндік беретініне сенімдімін", - деп жазды Байбек.

Айта кетерлігі, Қырықбаев Қазақ мемлекеттік басқару академиясының, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясының түлегі.

Осы жылдар ішінде ол «Нұр Отан» партиясында, Мәдениет және ақпарат министрлігінде және Сыртқы істер министрлігінде жұмыс істеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кадрлық тағайындаулар жүргізгені туралы хабарлаған болатынбыз.

Президент өкімімен Олег Смоляков Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрайымының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1833583-almaty-kimini-eks-orynbasary-kyrykbaev-zaa-kyzmetke-ornalasty/

pixel