Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев 2020 жылы Беларусь еліне ресми іс-сапармен барады

Опубликовано:

Қазақстан көшбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы Беларусь еліне ресми іс-сапармен барады. Бұл туралы Қазақстанның Белоруссиядағы елшісі Асқар Бейсенбаев мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Беларусь-ке сілтеме жасап.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Facebook

Бапасөз конференциясында Асқар Бейсенбаев Тоқаевтың Белоруссияға келесі жылы баратынын айтты.

"Сапардың қорытындысы бойынша президенттер келесі жылы Беларусь президенті Александр Лукашенконың шақыруымен президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Беларусь Республикасына ресми сапармен баруы туралы келісімге қол жеткізді", - деді елші.

Сондай-ақ, келесі жылдың басында Минскіде Сауда және интеграция министрі бастаған қазақстандық сауда миссиясы болады деп күтілуде.

"Сауда миссиясы барысында белоруссиялық нарықта қазақстандық өнімдердің үлесін арттыру мәселесі талқыланады деп үміттенеміз", - деді Бейсенбаев.

Асқар Бейсенбаев Беларусь басшысының қазан айында Қазақстанға жасаған ресми сапарының нәтижелерін, сондай-ақ Беларусь-Қазақстан келісімін жоғары бағалады. Ол екі мемлекет арасындағы өзара іс-қимылдың сапалы жаңа деңгейін атап өтті.

Содан кейін екі ел президенттері алты келісімге қол қойған. Бірақ ең бастысы - Белоруссияға қазақстандық мұнайды жеткізу туралы келісімге қол қойылмаған.

Еске сала кетсек, Александр Лукашенко 24 қазанда Нұр-Сұлтанға ресми сапармен келді. Оны әуежайдан Қасым-Жомарт Тоқаев жеке өзі қарсы алды. Келесі күні мемлекет басшылары Ақордада кездесті. Қазақстанға келген Лукашенко Тоқаевты Беларусь еліне шақырған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1833688-tokaev-2020-zyly-belarus-eline-resmi-is-saparmen-barady/

pixel