Мырзахметов 2019 жылы қандай жобаларды жүзеге асырды

Опубликовано:

Асқар Мырзахметов Жамбыл облысына келіп, аймақ тізгінін ұстағанына жақында екі жыл толады. Ауылшаруашылығы министрлігіндегі қызметін қоспағанда көршілес жатқан бұрыңғы Оңтүстік Қазақстан облысы, бүгінгі Түркістаннан кейін Жамбыл облысын басқарып отыр. Санаулы күннен кейін 2019 жылды қорытындылайтын киелі Әулиеатаның әкімі биыл қандай жобаларды іске асырды?

Мырзахметов 2019 жылы қандай жобаларды жүзеге асырды

Аграрлық саланың "жілігін шағып, майын ішкен" Мырзахметов ауылшаруашылығын алшаң бастыра алды ма? Тарихы мен мәдениеті астасқан аймақта нендей жаңалықтар болды?

Оңтүстікті өркендетіп, Шымқаланы шырайландырған Мырзахметов Жамбыл жеріндегі жұмысын былтыр Таразды түрлендіруден бастаған болатын.

Монумент ашты, батырларға ескеркіш қойды, саябақ жаңартты. Көне қаланың тынысын ашып, "Таразда демалыс орны жоқ" дейтін жұртшылықтың жүрегіне жол тапты, осылай. Ия, бұл өткен жылға атқарылған жұмыстың бір парасы ғана.

Аймақ басшысы жыл басталысымен арнайы жұмыс тобын құрып аудан емес әр ауылды аралады. Тұрғындармен жүздесіп, тілектерін тыңдады. Тұрмысын түзеп, табысын арттыру үшін тас-түйін жоба жасап, Үкіметтен қолдау тапты.

Мырзахметов 2019 жылы қандай жобаларды жүзеге асырды

Пилоттық жобаға 8564 отбасы тартылып, 41 мың адам қамтылмақ. 7,2 милилард теңге тартылып 2,5 пайызбен несие түрінде белгіленді.

Бүгінде құжаттары сараптамадан өткен тұрғындар қаражатқа қол жеткізіп, тұрмысын тіктеуге кірісіп те кетті. Мырзахметовтің мықты жобасы ел аузында.

Екі жылдың бедерінде ауқымды жобаларға жан бітіріп, талай тірліктің тетігін тапқан Жамбылдың әкімі жуырда өткен брифингте сандарды да «сөйлетті». Өңірде өнәркәсіптің өсуі 106,5 пайызды құрап, салалардың дамуында оң динамика сақталған. Оған қоса ауыл шаруашылығы өнімдері бойынша алдыңғы қатарға шыққан өңір республика көлемінде көш бастады.

Асқар Исабекұлы ауылдағы ағайынға ағын су жеткізу арқылы да көптің алғысын арқалады. Өткен жылы облыс әкімінің тікелей бастамасымен құрылған механикалық жасақтың жүйелі жұмысының арқасында, биыл шалғайдағы шаруалар да ағын судың шарапатын көріп, егістіктен мол өнім жинай алды. Оған дәлел ретінде Мойынқұм ауданында ағымдағы жылы қолға алынған жүгері мен тары шаруашылығын айрықша айтуға болады.

Тындырымды тірліктің бір көрінісі 6,2 мың гектар суармалы жерді қалпына келтіруде де көрінді. Сондай-ақ, өткен жылы Жамбыл облысы ет экспортынан да көш ілгері жылжып, республикаға тиесілі мөлшердің 43 пайызын құрады.

Мырзахметов 2019 жылы қандай жобаларды жүзеге асырды

Асқар Мырзахметов қазына қаржысын үнемдеуде де көпке үлгі іс қылды. Қаражаттың тиімділігін арттыру үшін арнайы регламент бекітіп, құрылыс параметрлеріне қатысты қатаң талаптар қойды.

Нәтижесінде 134 жобаның құны оңтайландырылып, 11 миллиард теңге үнемделді.

Бұл сөз жоқ бас бармақпен бағалауға тұрарлық еңбек. Бұдан бөлек өңірде медициналық нысандар тапшылығы мен үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептер мәселесі де оң шешімін тапқаны жан жадыратты.

Аймақта 7 жылда салынуы тиіс 95 нысан 2 жыл ішінде салынып, медициналық нысандарға деген қажеттілік 100 пайыз орындалды.

Иә, бұл Асқар Исабекұлының екі жылдың бедерінде бағдарын таптырып, тірлігін тіктеген ауқымды ісі. Өңірдің мерейлі 80 жылдығын атап өткен жамбылдықтар жылды қорытындылап, оң бағасын беріп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1833739-myrzahmetov-2019-zyly-kandaj-zobalardy-zzege-asyrdy/