Нұрлан Ноғаев бұрынғы орынбасарын неге вице-министр еткенін түсіндірді

Опубликовано:

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Атырау облысындағы бұрынғы орынбасары Жұмабай Қарағаевты вице-министр етіп тағайындауының себебін түсіндіріп берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Нұрлан Ноғаев. Фото: atyrau.gov.kz
Нұрлан Ноғаев. Фото: atyrau.gov.kz: UGC

Министр бұған дейін Атырау облысының әкімі болып тұрғанда Жұмабай Қарағаев орынбасары болған. Ал Ноғаев Энергетика министрі болғанда, Қарағаев вице-министр болып келді.

Дегенмен министр бұл ісін "командамен көшіп жүру" деп есептемейді. Оның айтуынша, орынбасары өз саласын жақсы меңгерген маман.

"Қарағаев мырза министрліктер алдына қойылған талап, міндеттерді орындауға қабілетті маман. Бұл – оның саласы. Жергілікті атқару органдарында жұмыс істеген тәжірибелі маманның нәтижелі жұмысына өздеріңіздің де көздеріңіз жетеді деген сенімдемін", - дейді Нұрлан Ноғаев.

Айта кетейік, Жұмабай Қарағаевтың жасы 48-де. Әр жылдары Маңғыстау және Атырау облыстарында жеке компанияларды басқарып, кейін Атырау облыстық көлік және жол басқармасына басшылық еткен.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Естеріңізге сала кетсек, президент жарлығымен Атырау облысының бұрынғы әкімі Нұрлан Ноғаев Энергетика министрі болып тағайындалған еді.

Сонымен қатар Атырау облысына да жаңа әкім келді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Махамбет Досмұхамбетовті Атырау облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1833758-nrlan-nogaev-bryngy-orynbasaryn-nege-vice-ministr-etkenin-tsindirdi/

jitsu gif