Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қадыров Шешенстан басшысы қызметін өткізді

Опубликовано:

Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыров "уақытша жұмыс істей алмауына" байланысты өз қызметін үкімет төрағансы Муслим Хучиевке тапсырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қадыров Фото: vk.com/ramzan
Қадыров Фото: vk.com/ramzan: UGC

РБК хабарлауынша, бұл ақпаратты республика басшысының ресми сайты бүгін жариялады.

Өңір басшысы қызметін үкімет төрағасы Муслим Хучиев алады. Шешенстан Конституциясына сәйкес, президенттің ауырып жатқан кезі мен оның демалысы уақытысында оның мәндеті үкімет басшысына өтеді.

Рамзан Қадыров басшылық істерден бірінші мәрте кетіп жатқан жоқ. Басылымның ақпаратынша мұндай жағдай осыдан бір жыл бұрын ақпан айында орын алған. Ол кезде де қызметті тапсыруына өңір басшысының "уақытша жұмыс істей алмауы" себеп болды.

Сонымен қатар, Шешенстан басшысы өз қызметінен жоспарлы дигностика өтіп жатқандықтан кеткені хабарланды.

Оған қоса, өткен жылы да Рамзан Қадыровтың орнын Хучиев басқан болатын.

Айта кетейік, бұған дейін Грозныйдан мейрамхана ашқан Қадыровтың қызы ел ашуын тудырғанын хабарлаған болатынбыз. Нысанның ашылуына Рамзан Қадыров жұбайы Меднимен келген еді. Мейрамхана жаңа жыл қарсыңында ашылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1836329-kadyrov-sesenstan-bassysy-kyzmetin-tkizdi/

pixel