Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрынғы мәжіліс депутаты Камал Бұрханов өмірден өтті

Опубликовано:

IV және V сайланған парламент мәжілісінің депутаты, мемлекет және қоғам қайраткері Камал Бұрханов өмірден озды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Baq.kz
Фото: Baq.kz: Instagram

Қаралы хабар туралы cенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы Facebook желісіндегі парақшасында жариялады.

"Жалған өмір-ай... Ұстазым, досым, әріптесім Камал Бұрханов дүниеден озыпты. Соңғы екі жыл төсек тартып жатып калған еді. Мағрипа жеңгем қолдан келгенше барлығын жасады. Амал нешік, бәрі бір жаратқанның қолында. Бақұл бол, адал дос. Жаның жәннатта болғай, Камал аға!", - деді ол.

Камал Низамұлы 1954 жылы дүниеге келген. Саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Ташкент университетін, Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетін бітірген.

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті заң факультетінің деканы, Президент Әкімшілігінің бас сарапшысы, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры қызметтерін атқарды.

IV және V сайланған парламент мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болды. 40-тан астам ғылыми жұмыстың, кітаптардың, мақалалар мен оқу құралдарының авторы.

Еске сала кетсек, осы жылдың 5 қаңтар күні Арыстанбек Мұхамедиұлының анасы Күлімхан әжей, желтоқсан айының соңында саясаткер Иманғали Тасмағамбетовтың анасы Ділдә Матайқызының өмірден озғаны хабарланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1837081-bryngy-mzilis-deputaty-kamal-brhanov-mirden-tti/

pixel