Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Грекияда алғаш рет әйел адам президент болды

Опубликовано:

Грекия жоғары әкімшілік соты – мемлекеттік кеңесінің төрайымы Екатерина Сакелларопулу ел президенті болып сайланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Екатерина Сакелларопулу. Фото: Грекия үкіметінің баспасөз қызметі
Екатерина Сакелларопулу. Фото: Грекия үкіметінің баспасөз қызметі: Facebook

Осылайша, Грекия мемлекетін алғаш рет әйел адам басқаратын болды.

Екатерина Сакелларопулуға 361 депутат дауыс берген, 33-і қалыс қалды. Президенттікке сайлану үшін 200 дауыстың жеткілікті екенін атап өткен жөн.

Дауыс беруден кейін премьер-министр Кириакос Мицотакис елдің қазіргі президенті Прокопис Павлопулосқа барып, сайлаудың нәтижесін баяндады.

Грекия конституциясы бойынша, парламент ел президентін премьер-министрдің ұсынысы бойынша бес жылға сайлайды. Президенттікке үміткерді сондай-ақ фракциялар да ұсына алады.

Үміткерлерді талқылаудың уақыт тәртібі қарастырылмаған. Жалпы, Грекия президентінің өкілеттігі өкілдік қызметтермен шектелген, ал негізгі билік премьер-министрдің қолында.

Қазіргі президент Прокопис Павлопулостың өкілеттігі 13 наурызда тоқтатылады.

Айта кетейік, бұған дейін ресейлік БАҚ Қазақстанда парламент сайлауы 2020 жылдың наурыз айында өтетінін хабарлаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1837361-grekiada-algas-ret-jel-adam-prezident-boldy/

pixel