Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дубайға сапар жасаған Тоқаев Халықаралық қаржы орталығын аралады

Опубликовано:

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапарының екінші күнгі бағдарламасының аясында Дубайдың Халықаралық қаржы орталығын (DIFC) аралап көрді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

эвакуация
Фото: Ақорда: Getty Images

Дубайдың Халықаралық қаржы орталығының басқарма төрағасы Ариф Амири Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнайы экономикалық аймақ жұмысының принциптері, қажетті заңдық, коммерциялық және басқа да инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету арқылы бизнес пен қаржы институттары үшін тартымды жағдай жасау жөнінде айтты.

Бүгінде Орталыққа заңды түрде 2300-ге жуық компания тіркелген. 2024 жылға қарай олардың Дубай Әмірлігінің жалпы ішкі өніміне қосатын үлесі шамамен 15 пайыз болмақ.

эвакуация
Фото: Ақорда: Instagram
Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен  Дубайдың Халықаралық қаржы орталығы арасында тығыз ықпалдастық орнатудың, Дубайдың табысты тәжірибесін «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысына пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абу Даби қаласының ең көрікті жерлерінің бірі – шейх Заид мешітіне барып, Біріккен Араб Әмірліктерінің негізін қалаушы және алғашқы президенті шейх Заид бен Сұлтан Әл Нахаянның рухына тағзым еткені туралы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1838293-dubajga-sapar-zasagan-tokaev-halykaralyk-karzy-ortalygyn-difc-aralady/

pixel