Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күдебаев Алматы полиция департаментінің басшысы қызметінен босатылды

Опубликовано:

Серік Күдебаев Алматы полиция департаментінің басшысы қызметінен босатылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Cерік Күдебаев Алматы полиция департаменті басшысы қызметіне босатылды
Cерік Күдебаев Алматы полиция департаменті басшысы қызметіне босатылды: Original

Оның Алматы облысының полиция басшысы атанғаны белгілі болды.

Полиция департаментінің жаңа басшысын жеке құрамға ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды.

"Президент әкімшілігі және облыс әкімінің келісімі бойынша полиция генерал-майоры Күдебаев Серік Мырзақұлұлы Алматы облысы полиция департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Серік Күдебаев 1965 жылы Алматы облысында туған.

КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітірген, мамандығы заңгер.

Әр жылдары Алматы облысы Жамбыл ауданы Мемлекеттік тергеу комитетінің қылмыстық тергеу бөлімінің бастығы, Жамбыл облысы Криминалды полиция басқармасының бастығы, Қарасай аудандық ішкі істер басқармасында бастық болып жұмыс істеген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1838418-kdebaev-almaty-policia-departamentini-bassysy-kyzmetinen-bosatyldy/

pixel