Президент Асқар Мырзахметовты қызметінен босатты
Опубликовано:
Асқар Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі қызметінен босатылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен берілген өтінішіне орай Асқар Исабекұлы Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі қызметінен босатылды", - делінген Ақорда жариялаған құжат мәтінінде.
Сонымен қатар, Мырзахметовтың орнына премьер-министрдің орынбасары болған Бердібек Сапарбаев тағайындалғаны туралы хабарланды.
Айта кетерлігі, Асқар Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі болып 2018 жылдың 10 ақпанында тағайындалған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1840314-prezident-askar-myrzahmetovty-kyzmetinen-bosatty/