Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Түркіменстанда мұғалімдерге тек жасыл түсті қаламсап ұстау міндеттелуде

Опубликовано:

Түркіменстан билігі бұрын мектеп мұғалімдерінің сыртқы келбетіне қатысты бұйрықтар берсе, енді білім ордасының қызметкерлеріне бірдей қаламсаптар мен блокноттарды пайдалану туралы талап қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Азаттық Түркімен басылымына сілтеме жасап.

Фото: Altyn asyr TW
Фото: Altyn asyr TW: Instagram

Басылым мәліметінше, мектеп мұғалімдерінен түркімен туы түстес жасыл қаламсап пен блокнот сатып алуды талап етіп жатыр.

Осыған дейін Түркіменстанда ер адамдарға жасыл түсті тақия, әйелдерге ұлттық киім киіп жүруге міндеттелген.

11 ақпан күні мемлекеттік телеарналар ел президенті Гурбангулы Бердымұхамедовтің парламент депутаттарымен болған жиналысын көрсеткен.

Кадрдан жиында отырған шенеуніктердің жасыл түсті қаламсап пен жасыл блокноттармен отырғанын анық байқауға болады.

Белгілі болғандай, Түркменстанда мемлекеттік кездесулерде, президент отырысында, министрлер мен басқа мемлекеттік қызметкерлердің есебі кезінде блокнотқа жазу дәстүрі қалыптасқан.

Еске сала кетсек, бұған дейін Түркіменстанда 40 жастан асқан ер адамдарға шашын қара түске бояуға тыйым салынғанын хабарлаған едік.

Одан бөлек, ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедов ұлы Сердар Бердімұхамедовті өндіріс және құрылыс министрі етіп тағайындады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1841519-bak-trkimenstanda-mgalimderge-tek-zasyl-tsti-kalamsap-stau-mindettelude/

pixel