"Өзіммен алып жүретін команда жоқ": Сапарбаев ел көкейіндегі сұраққа жауап берді
Жарияланған күні:
Бердібек Сапарбаев алғаш рет Жамбыл облысының әкімі ретінде халықпен есеп беру кездесуін өткізді. Жиын барысында аймақ тұрғынының бірі әкімдікке жұмысқа орналасу үшін "командадағы адам болу керек" деп қалыптасқан түсінікті көтерді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ
"Әкімдікке өзіңіздің командаңызды тағайындауға байланысты сұрақ қойғым келеді. Жамбыл облысында сіз ұсынған қызметтерді атқара алатын мамандардың жоқ болғаны ма?", - деп сұрақ қойды жергілікті тұрғын.
"Онда маған не істеу керек? Егер туған жерім Қызылорда облысы болса, Шығыс Қазақстан облысына немесе Ақтөбеге бармауым тиіс пе? Сондықтан, мен де солай ойлаймын. Сізге мұндай сұрақпен жүгінудің қажеті жоқ.
Ертең Жылқыбаевтың қалай жұмыс істейтінін көріңіз. Егер ол нашар жұмыс істесе, қызметінен босатылады. Мен бірден өзіммен алып жүретін команда жоқ екенін айтқан болатынмын", - деді аймақ басшысы.
Сапарбаев облыстық шенеуніктердің кейбіреуі жақында лауазымынан айырылып қалу мүмкін екенін жоққа шығармады.
"Маған жұмыс жасап, сіздерге нәтиже көрсетуім керек. Сонда облыс тұрғындарының өмірі, оның ішінде әл-ауқаты жақсарады. Әкімдерге барлық аудандарға баратынымды ескерттім.
Олардың халықха беретін есептерін тыңдаймын. Сосын тұрғындардың өзі қай әкімнің көңілден шықпағанын айтсын.
Сосын біз (жұмыстан босату туралы шешім қабылдамас бұрын - ред.) аудандардың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне де назар аударамыз", - деп сөзін түйіндеді ол.
Айта кетерлігі, мұндай сұрақ облыс әкімінің орынбасары болып бұрынғы вице-министр Ержан Жылқыбаев тағайындалғаннан кейін қойылуы мүмкін.
Сапарбаев қалыптасқан тұжырымды дұрыс емес деп санайтынын және Қазақстан азаматының еліміздің кез келген жерінде жұмыс істеуге құқығы бар екенін білдірді.
Ол өзін мысал ретінде келтірді. Жамбыл облысының жаңа әкімі мемлекет басшысы тағайындайтын жерде жұмыс істей беретінін айтты.
Еске сала кетсек, әлеуметтік желіде жаңа парақша ашқан Сапарбаев жамбылдықтарға үндеу жолдады.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1841708-zimmen-alyp-zretin-komanda-zok-saparbaev-el-kkejindegi-srakka-zauap-berdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.