Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаевтың көмекшісі "Котел" қаржы пирамидасымен күресудің әдісін айтты

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикалық мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Олжас Құдайбергенов "Котел" ойынымен күресудің өзіндік әдісін ұсынды. Оның сөзінше, банктер 14300 теңгені аударуға блок қоя алады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото : azh.kz
Фото : azh.kz: Instagram

Бұл туралы мемлекет басшысының көмекшісі Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Құдайбергеновтің сөзінше, "Котел" ойынының келесідей конструкциясы бар.

  • кірудің аз мөлшері;
  • барлығы 4 деңгей, бұл кіріс-шығыс циклын өте қысқа мерзімге әжептеуір төмендетеді;
  • қайта кіру мүмкіндігі;
  • бірыңғай орталықтың болмауы.

Бұл адамдарды шатастыруы мүмкін, оларды қарапайым "Черная касса" сияқты көрсетеді. Алайда "Котел" ойынының міндетті ережесі бар.

"Ойын тез таралғанымен, әрбір нақты қатысушы таныс адамдардың шеңберімен ғана шектеледі. Сондықтан, пирамиданың таралуы даладағы кеуіп кеткен шөпті өртегенге ұқсайды. Барлығы күйіп кетеді. Ал өрт өте жылдам орын алады.
Берген ақшасын ала алмаған уақытта жақын адамдар арасында түсінбеушіліктер сөзсіз орын алады.
Қазір ұтқандардың барлығы кейінірек қатты ұтылатын болады. Аударымдар банк арқылы жүзеге асатындықтан, қаржы орталықтары 14 300 теңгені жіберуге тосқауыл қоя алады және бұрын жасаған аударымдарды да қайтара алады", - дейді президенттің штаттан тыс кеңесшісі.

Еске сала кетсек, бұған дейін ІІМ әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде "Қазан немесе қара касса" ойынының жарнамасы бар хабарламалар таралып жатқанын, аталмыш факті бойынша ІІМ Криминалдық полиция департаменті тексеріс жүргізіп жатқанын мәлімдеген еді.

Экономистің сөзінше, бұл қаржы пирамидасының жаңа түрі.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1841715-tokaevty-kmeksisi-kotel-karzy-piramidasymen-kresudi-disin-ajtty/

pixel