Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Опубликовано:

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қала әкімінің орынбасары қызметіне Алмасбек Мамытбеков тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: shymkent.gov.kz
Фото: shymkent.gov.kz: Instagram

Алмасбек Кеңесбекұлы 1969 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша география-биология пәндерінің оқытушысы, экономика және бизнес маманы.

Еңбек жолын 1994 жылы "Қазақстан" жастар орталығының менеджері болып бастаған Мамытбеков 1994-2005 жылдар аралығында Шымкент қаласының бірқатар басқармаларында бас маман, бөлім бастығы қызметттерін атқарған.

Бұдан бөлек, Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы, "Nur Otan" партиясы Оңтүстік Қазақстан облысы филиалы төрағасының бірінші орынбасары, ОҚО Ордабасы ауданының әкімі және Түркістан облысы еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысы - Түркістан облысының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы қызметтерін атқарған.

Еске сала кетсек, қаңтар айының соңында Мұрат Әйтенов Шымкент қаласының жаңа әкімі болып тағайындалды. Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1842546-symkent-kalasy-kimini-orynbasary-tagajyndaldy/

pixel