Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Мұхтар Жәкішевке қатысты мәселеге пікір білдірді

Опубликовано:

2010 жылы жемқорлық әрекеттері үшін 14 жылға сотталған «Қазатомөнеркәсіп» ҰК бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев бірнеше мәрте мерзімінен бұрын шартты босатуға өтініш білдірген болатын. Алайда, оның қалауы қанағаттандырылмай, сот шешімі өзгеріссіз қалды. Бұл мәселеге қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдіріп өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Informburo.kz порталына сілтеме жасап.

Мұхтар Жәкішев. Фото: kazatomprom.kz
Мұхтар Жәкішев. Фото: kazatomprom.kz: UGC

Қасым-Жомарт Тоқаев ауқымды сұхбат беріп, бірқатар маңызды тақырыптарды көтерді. Көптің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берген мемлекет басшысы сотталған Мұхтар Жәкішевке қатысты да пікір білдірді. Қазіргі таңда, "Қазатомөнеркәсіптің" бұрынғы басшысы түрмеде отыр.

Президенттің сөзінше, ол сотталған азаматтың бірнеше мәрте мерзімнен шартты түрде босатуды сұрағанынан хабардар. Ол өтінішін денсаулығына байланысты білдірген болатын. Алайда, Тоқаев бұл мәселені шешуге тек қана сот қауқарлы екенін жеткізді.

Оған қоса, мемлекет басшысы үшінші наурыз күні аталмыш іс бойынша сот отырысы болатынын мәлімдеді. Ол үкімнің шығуын күтуге кеңес берді. Президент сот шешімі әділ болатынына кәміл сенімді.

Еске сала кетейік, "Қазатомөнеркәсіп" ҰК бұрынғы басшысы 2010 жылы 14 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Оған сеніп тапсырылған мүлікті жұмсау және пара алды деген айып тағылған.

2019 жылғы 24 шілдеде Семей соты оның шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы шағымын қабылдамаған болатын.

Сондай-ақ 10 қыркүйекте Мұхтар Жәкішевтің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініші тағы да қабылданбағаны хабарланған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1843341-tokaev-mhtar-zkisevke-katysty-mselege-pikir-bildirdi/

pixel