Тоқаев Абайдың әнін орындаған "Барыс" капитанына алғыс білдірді
Опубликовано:
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Барыс" клубын Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы жеңісімен құттықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Бұл туралы мемлекет басшысы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
"Барыс" клубын ҚХЛ-дың плей-офф кезеңіндегі алғашқы жеңісімен құттықтаймын. Әсіресе, матч барысында Абайдың "Көзімнің қарасы" әнін орындаған команда капитаны Даррен Дицқа ерекше алғыс айтқым келеді. Жарайсың, Дәурен! Бұл жеңіс "Барыс" клубын жаңа жетістіктерге жетелесін", - деді ол.
Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қордай ауданы Сортөбе ауылындағы мәдениет үйінде дүнген диаспорасының өкілдерімен кездесу өткізді.
Одан бөлек, Қазақстан президенті еліміздің тұрғындарын 1 наурыз - Алғыс айту күнімен құттықтады.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1843521-tokaev-abajdy-nin-oryndagan-barys-kapitanyna-algys-bildirdi/