Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бағдат Манзоровтың орнына жаңа орынбасар тағайындалды

Опубликовано:

2 наурызда Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өзінің жаңа орынбасарын таныстырды. Бұл қызметке Серік Тұрдалиев тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: facebook/zhukel.galymurat
Фото: facebook/zhukel.galymurat: Instagram

Бұл туралы Алматы облысы әкімінінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкел Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Серік Тұрдалиев қайта оралуыңызбен! Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өзінің жаңа орынбасарын облыс активіне таныстырды. Бұл қызметке Серік Тұрдалиев келді", - деді ол.

Айта кетейік, Серік Тұрдалиев 1969 жылы 5 сәуірде өмірге келген.

Ол Қазақ ұлттық аграрлық университетін, Ресей Федерациясының үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясын тәмәмдаған.

Мамандығы ұйымдастырушы-экономист, іскерлік әкімшілік шебері

Тұрдалиев бұған дейін 2012 жылы Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалып, 2017 жылы маусым айының соңында өз еркімен бұл лауазымнан кететінін Facebook желісіндегі парақшасында жариялаған болатын.

Еске сала кетсек, осы жылдың 10 ақпанында Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоров өз еркімен қызметінен босатылды.

Кейінірек ол жұмысынан не үшін кеткенін мәлімдеген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1843529-bagdat-manzorovty-ornyna-zaa-orynbasar-tagajyndaldy/

pixel