Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елбасы БҰҰ бұрынғы бас хатшысының қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Опубликовано:

Қазақстанның тұңғыш президенті перулық дипломат пен саясаткер, Біріккен ұлттар ұйымының бұрынғы бас хатшысы Хавьер Перес де Куэльярдың қайтыс болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Ақорда
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Ақорда: UGC
"1991 жылы мен оның есіміне Қазақстанның Біріккен ұлттар ұйымына жаңа мүше болып қабылдануы туралы хат жібергенмін. Хавьер Перес де Куэльяр біздің еліміздің осы ұйымға қосылу процессіне үлкен еңбегін сіңірген тұлға" , - делінген жеделхатта.

"Осынау азалы сәтте саясаткердің отбасы мен туыстарына, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымындағы әріптестеріне қайғырып көңіл айтамын", - делінген БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке жолданған жеделхатта.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1844158-elbasy-b-bryngy-bas-hatsysyny-kajtys-boluyna-bajlanysty-kil-ajtty/

pixel