Тоқаев коронавирусқа байланысты қосымша тапсырма берді
Опубликовано:
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жедел әрекет ету штабының отырысын өткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынға Үкімет пен бірқатар мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
Мемлекет басшысы үйде балалармен бірге қалуға мәжбүр болатын ата-ананың біреуіне ақылы еңбек демалысын беру жөнінде жұмыс берушілермен жұмыс істеуді тапсырды.
"Үкімет фискалдық механизм арқылы кәсіпорындарды қолдау шараларын қабылдау керек. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бюджет қаржысын жұмыспен қамту, шағын және орта бизнесті қолдауға бағыттау керек", -делінген ақпаратта.
Сонымен қатар мемлекет басшысы медицина мекемелері мен азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін тез арада шешуді, медицина мекемелерінің дайындығын тексеруді тапсырды.
"Мемлекеттік қызметшілер мен басқа да лауазымды тұлғалардың шетелге іс-сапарға шығуына тыйым салынды. Бұған мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған сапарлар кірмейді", - делінген ақпаратта.
Президент қысқа мерзім ішінде елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және бюджет шығынын қайта қарауды тапсырды. Үкіметке тауарды, жұмыс пен қызметті делдалсыз, отандық өндірушілерден тікелей және ашық түрде сатып алу жүйесіне көшу тапсырылды.

Еске сала кетсек, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау басқармасы COVID-19 коронавирусын пандемия деп бағалады.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1845233-tokaev-koronaviruska-bajlanysty-kosymsa-tapsyrma-berdi/