Назарбаев коронавируспен күресуге 200 миллион теңге бөлуді тапсырды
Опубликовано:
Тұңғыш Президент қоры төтенше жағдайдағы халықты қолдау үшін 200 млн теңге бөледі хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібайдың Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

"Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Тұңғыш Президент қоры коронавирус инфекциясымен күреске және төтенше жағдай кезінде халыққа қолдау көрсету үшін 200 млн теңге бөледі", - деді ол.
Cоңғы деректерге сенсек, 18 наурызда Алматыда тағы екі адамнан COVID-19 вирусы анықталғаны белгілі болды. Олардың бірі Мәскеуден, екіншісі Стамбулдан келген.
Осылайша елімізде коронавирус жұқтырған адамдар саны 35-ке жетіп отыр.
Еске сала кетсек, 15 наурызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысымен елімізде 16 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланды.
Сонымен қатар мемлекет басшысы халыққа мәлімдеме жасап,бұл күрделі жағдайды ел болып бірге еңсеретінімізге сенім білдірді.
Сондай-ақ, президент жалған ақпарат таратып, дүрбелең туғызатындар заңға сәйкес жауапқа тартылатынын мәлімдеді.
Оған қоса, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде енгізілген ТЖ шараларын түсіндіріп өтті.
Айта кетейік, соңғы мәліметтерге сәйкес, елімізде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 33 адамға жетті. Олардың 15-і – Алматыда тіркелсе, 18-і – Нұр-Сұлтанда тіркелген.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1846072-nazarbaev-koronaviruspen-kresuge-200-million-tege-bludi-tapsyrdy/