Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев ел саясатына араласа ма: Елбасының баспасөз хатшысы пікір білдірді

Опубликовано:

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев ел саясатына араласа ма, ол басқаратын Қауіпсіздік Кеңесі Төтенше жағдай кезінде немен айналысуда. Бұл сұрақтарға Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Фото: Elbasy.kz
Фото: Elbasy.kz: Depositphotos

Айдос Үкібайдың сөзінше, Елбасы Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы. Сонымен қатар "Nur Otan" партиясы мен Қазақстан халқы ассамблеясына жетекшілік етіп отыр.

Әлбетте осыған байланысты Елбасы елдің саяси өміріне белсенді түрде атсалысып, мемлекет басшысымен бірге елді стратегиялық тұрғыда дамыту жұмыстарымен айналысады. Алайда түпкілікті шешімді ел президенті қабылдайды дейді Айдос Үкібай.

"Қауіпсіздік Кеңесі де өз кеңесін дайындап, мемлекет басшысына енгізеді.
Бірде шетелдік сарапшылардың бірі маған "Назарбаев" тегі мен "Қазақстан" атауы ажырамас ұғым екенін айтқан еді. Тұңғыш президенттің есімі Қазақстанның өткенімен, қазіргі күні және болашағымен ажырамас сипатта байланысты дер едім. Бұл аксиома.
Елбасы өз Отанының қалыптасып, дамуына бүкіл ғұмырын арнаған адам ретінде Қазақстанның гүлденуіне, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға ары қарай да үлесін қоса береді. Лауазымы мен мәртебесіне қарамастан жұмысын жалғастырады.
Нұрсұлтан Назарбаев кейде өзінен президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың, министрлер мен әкімдердің кеңес сұрайтынын жасырмайды.
Кейбір жеке мәселелер бойынша Елбасы мемлекеттік органдардың басшыларына өзі қоңырау шалып, солар басқаратын саладағы немесе аймақтағы жағдайды біледі. Мәселен Нұрсұлтан Назарбаев жақында бірнеше сағат бойы облыс әкімдерімен сөйлескен болатын", - деді ол.

Сонымен қатар Тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Қауіпсіздік Кеңесінің төтенше жағдай кезінде немен айналысып жатқанына тоқталды.

"Қазіргі уақытта Қауіпсіздік кеңесінің аппараты үкіметпен бірге ел президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысына белсенді түрде тікелей қатысып келеді. Бұл комиссияның жұмысы аясында төтенше жағдай режимі кезінде заңдылықтың сақталуы, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі Қауіпсіздік Кеңесінің ерекше бақылауына алынып отыр.
Сонымен қатар заңдылықтың сақталуы, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша құқық қорғау, әскери органдардың және медицина мекемелерінің жұмысын ұйымдастыру да – Қауіпсіздік кеңесі аппараты қызметінің ажырамас бір бөлігі.
Өзіңіз білетіндей, 24 сәуір күні Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтіп, онда коронавирус эпидемиясымен күресудің, экономиканы қалпына келтіру мен елді дағдарыстан кейін дамытудың стратегиялық мәселелері қарастырылған еді.
Отырыс барысында Елбасы дағдарыстан кейінгі құрылым моделі туралы қазірдің өзінде ойлану керектігін айтып, әлеуметтік-экономикалық даму жолында қалыптан тыс амалдар мен дағдарысқа қарсы шаралар кешенін жүзеге асыру қажеттігінің маңызын атап өтті.
Отырыстың қорытындысы бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің Шешімімен үкіметке Президент Әкімшілігі мен Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының мақұлдауымен экономикалық өсімді қалпына келтіру, біздің негізгі салаларымыздың, болашақ экономикасының, қалалар мен ауылдарды, әлеуметтік сала мен қаржы жүйесін дамытудың бағыт-бағдарын айқындаудың Кешенді жоспарын дайындау міндеті жүктелді", - дейді Айдос Үкібай.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1853813-nazarbaev-el-saasatyna-aralasa-ma-elbasyny-baspasz-hatsysy-pikir-bildirdi/

pixel