Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа тағайындалған ақпарат және қоғамдық даму министрі жайлы не білеміз

Опубликовано:

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ақпарат және қоғамдық даму министрі болып Аида Балаева тағайындалды. Дәурен Абаевтың орнына келген жаңа басшысы жайлы кейбір мәліметтерді KAZ.NUR.KZ назарыңызға ұсынады.

Фото: Орталық сайлау комиссиясы
Фото: Орталық сайлау комиссиясы: UGC

Әлеуметтік ғылымдар кандидаты Аида Балаева 1974 жылы өмірге келген.

Ол 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін тәмәмдаған.

Қызметтік мансабын жаңа министр 1999 жылы Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы болып бастаған. Сол жеде бас маман, бөлім басшысына лауазымына дейін көтерілген.

2002-2004 жылдары – Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының талдау және қоғамдық-саяси үрдістерді үйлестіру бөлімінің басшысы;

2004 жылғы қаңтар мен қыркүйек аралығында – Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасының талдау және болжау бөлімінің басшысы;

2004-2005 жылдары – Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы бастығының орынбасары;

2005-2006 жылдары – Алматы қаласының ішкі саясат департаменті директорының орынбасары;

2006-2008 жылдары – Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директоры;

2008-2010 жылдары – Астана қаласының ішкі саясат басқармасының бастығы;

2010-2014 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары;

2014-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.

2019 жылғы 22 шілден бастап жаңа қызметіне дейін президент көмекшісі – Президент әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болды.

2010 жылы "Құрмет" орденімен және екі медальмен марапатталған.

Айта кетейік, бұрынғы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1854255-zaa-tagajyndalgan-akparat-zne-kogamdyk-damu-ministri-zajly-ne-bilemiz/

pixel