Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәурен Абаев жаңа қызметі жайлы: Маған артылған үлкен сенім деп білемін

Опубликовано:

Басқа жұмысқа ауысуына байланысты Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметінен босатылған Дәурен Абаев көпшілікке алғыс айтып, жаңа қызметіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Маған артылған үлкен сенім": Дәурен Абаев жаңа қызметіне қатысты пікір білдірді
Фото: Хабар24: UGC
"Құрметті достар!
Баршаңызға лебіз-тілектеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін.
Еліміздің ақпарат саласына жауапты министрлікке жетекшілік еткен жылдары өздеріңізбен бірге табанды, жемісті еңбек еттік деп санаймын. Біз көтерген бастамаларды қолдап, әркез ой-пікірлеріңіз бен сын-ескертпелеріңізді ашық білдіріп, қоғам үшін маңызды мәселелерге жанашырлық танытқандарыңыз үшін сіздерге зор алғыс айтамын.
Қазіргідей күрделі уақытта қоғамның тас-түйін ауызбірлігі мен белсенді азаматтық ұстаным ауадай қажет.
Сондай-ақ, министрліктің және министрлікке қарасты ұйымдардағы сарапшыдан бастап басшылық құрамына дейін әрбір қызметкеріне ерекше құрмет білдіріп, алғыс айтамын.
Ал бүгінгі тағайындау, ең алдымен, маған артылған үлкен сенім деп білемін. Тапсырылған қызметті абыроймен атқарып, қажыр-қайрат пен білім-білігімізді Отанымыздың игілігіне арнаймыз", – деп жазды экс-минист Facebook парақшасында.

Естеріңізге сала кетсек, Дәурен Абаев бүгін мемлекет басшысының жарлығымен Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1854275-magan-artylgan-lken-senim-duren-abaev-zaa-kyzmetine-katysty-pikir-bildirdi/

pixel