Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Лукашенкоға телефон соқты: Мемлекет басшылары не жайлы сөйлесті

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Беларусь президенті Александр Лукашенко телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Instagram

Екі жақты әңгіме барысында мемлекет басшылары бірін-бірі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтаған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь майдангерлері мен тыл ардагерлерінің фашистік агрессияға қарсы күрестегі көзсіз қайсарлығы мен ерен ерлігін атап өтіп, оларға мықты денсаулық, ұзақ өмір тілеген.

Александр Лукашенко Қазақстан мен Беларусьтің ортақ Жеңіске жетуге зор үлес қосқанын айтқан.

Сондай-ақ барша Қазақстан халқына шексіз алғысын жолдап, бақ-береке тіледі.

Әңгімелесу барысында тараптар пандемияның таралуы кезінде халыққа көмек беру, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету үшін дер кезінде қабылданған шаралар жөнінде ақпарат алмасты.

Мемлекет басшылары екі ел үкіметтерінің сауда-экономикалық ынтымақтастықтың оң қарқынын сақтауға және Қазақстан мен Беларусь арасындағы стратегиялық серіктестіктің барлық саласы бойынша ықпалдастықты одан әрі арттыруға бағытталған іс-қимылдарын үйлестіру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Сонымен қатар тараптар алдағы уақытта атқарылатын екіжақты іс-шаралардың кестесін және көпжақты ұйымдар мен форумдар аясындағы ықпалдастықтың перспективаларын талқылады.  

Телефон арқылы сөйлесуге Қазақстан тарапы бастамашы болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысының Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлескенін хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1854316-tokaev-lukasenkoga-telefon-sokty-memleket-bassylary-ne-zajly-sjlesti/

pixel