RU

Тоқаев болашақ педагогтардың стипендиясын 42500 теңгеге дейін көтеруді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев педагогика мамандықтары бойынша стипендияны көтеруді тапсырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Instagram

Бұл туралы ел президенті ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында айтты.

"Педагогика мамандықтарының мәртебесін көтеру үшін болашақ педагогтардың стипендиясын 26 000 теңгеден 42 000 теңгеге дейін арттыру қажет", - деді мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Тоқаев педагогика мамандықтарына түсу талаптарын да біртіндеп көтеру қажеттігін жеткізді.

Сондай-ақ, білім беру бағдарламасын толығымен жаңартып, ақпараттық технологиялар бойынша арнайы модульді қосу қажет. Себебі ондай дайындақ қашықтан оқыту кезінде аса қажет.

"Негізі, педагогтарды арнайы жоғары оқу орындары дайындауы тиіс. Сондықтан білім және ғылым министрлігі тиісті шешімді қабылдайды деп ойлаймын. Жалпы, мен жоғары оқу орындарының шартты түрде лигаға бөлінгенін қалаймын. Сонда олар бір-бірімен бәсекеге түсетін еді", - дейді мемлекет басшысы.

Еске сала кетсек, бұған дейін президент мектеп бітіруші түлектерді құттықтап, ұстаздар қауымына алғысын білдірген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1857674-tokaev-studentterdi-stipendiasyn-42500-tegege-dejin-kterudi-tapsyrdy/