RU

Сәуірде ТОП-10 банктің үшеуінде ғана салым көлемі өсті

Ұлттық Банктің деректері бойынша, сәуір айында халықтың банктердегі депозит көлемі 32,8 млрд теңгеге қысқарды. Он ірі банктің ішінде тек үшеуінде ғана сәуірде салым көлемі өскен.

Сәуірде топ-10 банктің үшеуінде ғана салым көлемі өсті

Бірінші орынға басқаларды артқа тастаған Kaspi ие болды, тұрғындардың депозиттері бірден 74,8 млрд теңгеге өскен. Сәуір айының соңында Kaspi-дегі жеке тұлғалардың салымдары 1,6 триллион теңгеден асты. Kaspi-дің сәуір айындағы көрсеткіштері жалпы банк секторындағы құлдыраудың бір бөлігін өтеді.

Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе былай атап өтті:

«Бізбен бірге болғандарыңыз үшін сүйікті клиенттеріміздің әрқайсысына алғыс айтамын! Мобильді қосымшамыздың және ең озық технологиялардың арқасында Kaspi.kz-тің барлық өнімдері мен сервистері үйден шықпай-ақ қолжетімді. Kaspi Депозитті мобильді қосымшаның өзінде ең аз сомамен – бар болғаны 1000 теңгемен ашуға болады. Депозитке бүкіл еліміздегі кез келген Kaspi Банкомат және Терминал арқылы комиссиясыз ақша салуға болады».

Депозиттері өскен үш банк қатарында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мен символикалық өсім көрсеткен Ситибанк бар. ТОП-10-дықтағы қалған банктерде ай бойы салымның айтарлықтай азаюы байқалды.

Сәуірде топ-10 банктің үшеуінде ғана салым көлемі өсті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1858049-suirde-top-10-bankti-seuinde-gana-salym-klemi-sti/