Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қылмыс деңгейі төмендеген: Бас прокурор Тоқаевқа есеп берді

Опубликовано:

Мемлекет басшысы бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады. Қасым-Жомарт Кемелұлына еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіп жайында баяндалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Қылмыс деңгейі төмендеген: Бас прокурор Тоқаевқа есеп берді
Фото: Ақорда: Depositphotos

Бас прокурор Төтенше жағдай режимі кезінде қылмыс деңгейінің төмендегенін атап өтті. 

Қазақстан президентіне ірі қылмыстық істердің тергелу барысы және қоғамдық мүддені қорғауға қатысты жұмыстар туралы мәлімет берілді.  

Қасым-Жомарт Тоқаев дағдарысқа қарсы шаралардың орындалуын қатаң бақылай отырып, заңдылықты сақтау, мемлекет пен қоғам мүддесін қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастыра беру қажеттігін айтты. 

Кездесу соңында мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1858554-kylmys-degeji-tmendegen-bas-prokuror-tokaevka-esep-berdi/

pixel