Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттік оппозиция туралы заңға қол қойды
Опубликовано:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламентте оппозицияны қалыптастыруға бағытталған Заңға қол қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына парламенттік оппозиция мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады", - делінген президенттің сайты жаря еткен ресми хабарламада.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін сенаторлар парламентте оппозицияны қалыптастыруға бағытталған түзетулерді қолдап, құжат мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қол қоюына жіберілгені туралы хабарлаған едік.
Мәжілісмен Азат Перуашев парламенттік оппозиция Қазақстанның құқық алаңына алғаш рет енгізіліп отырғанын айтты.
Осылайша, оған өз пікірін және халық пікірін білдіру, республиканың барлық тұрғынын толғандыратын мәселелерді көтеру құқығы беріледі.
Құжат оппозициялық блок депутаттарының өкілеттігін де кеңейтеді.
Қазақстан парламентіндегі оппозиционерлерге жоғарғы палатаның және тұрақты комитеттердің отырыстарында, сондай-ақ парламентшілердің бірлескен отырыстарында сөз сөйлеуге рұқсат етіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1858580-kasym-zomart-tokaev-parlamenttik-oppozicia-turaly-zaga-kol-kojdy/