RU

Біржан Нұрымбетовтың бірінші орынбасары тағайындалды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың бірінші орынбасары тағайындалды. Бұл қызметке Ақмәди Сарбасов келген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақмәди Сарбасов. Фото: primeminister.kz
Ақмәди Сарбасов. Фото: primeminister.kz: Instagram

Ақмәди Сарбасов 1977 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Еуразия гуманитарлық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1994 жылы бастады. Түрлі жылдары әділет министрлігінің, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымында жұмыс істеген.

2017 жылдан 2019 жылдың сәуір айына дейін — Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы — Қазақстанның бас мемлекеттік еңбек инспекторы қызметін атқарған.

2019 жылдың сәуірінен жаңа қызметіне дейін еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі болған.

Еске сала кетсек, кеше оңтүстік астана әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Қамалжан Талғатұлы Надыров Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы қызметіне келді.

Ол бұл лауазымға 21 сәуірде тағайындалған еді. Алайда шенеуніктің коронавирус инфекциясын жұқтырып алуына байланысты Надыровқа жұмысын кейінге қалдыруға тура келді.

Ал Надыров емделіп жатқан кезде ведомствоны өз еркімен қызметтен кеткен бұрынғы басшы Тілеухан Әбілдаев басқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1858739-birzan-nrymbetovty-birinsi-orynbasary-tagajyndaldy/